Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда халыққа танымал тіс дәрігері зейнеткер-әкесін өлтірді

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында ұлы зейнеттегі әкесін өлтіріп тастады. Бұл оқиғаның елдің аузына ілігуіне қылмыскердің қызметі себеп болды. Тіс дәрігері болып жұмыс істеген ер адамды Саран қаласының тұрғындары жақсы танитын көрінеді. Себебі ол өз ісінің білікті маманы болған.

8c6692edcf951f48206d856a90af3fee

Бұл туралы «Криминальные новости» басылымы жазды.

Саран кішкентай қала болғандықтан, мұнда бәрі бір-бірін таниды. Сол себепті басылым мәселенің мән-жайын анықтау үшін тұрғындардың пікіріне зер салған.

«Жақсы отбасы, жігіт те есі түзу болатын, біздің мектепте оқыған. Институтты бітірген соң досымен бірге жеке кабинетін ашты, тез арада танымал бола шықты. Тіс емдету үшін оның қызметіне мен де жүгінгенмін. Нәтиже көңіл көншітті», – дейді қала тұрғындарының бірі.

«Керемет маман болатын. Тіс емдейтін, пломба салатын. Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырумен айналысатын. Стоматология саласының жаңалықтарынан үнемі хабардар болып, оны өз тәжірибесінде қолданатын. Тіпті, жаңаша құралдар мен дәрі-дәрмектерді шетелден алдыртатын. Емге кіріспес бұрын, қандай амалдар қолданатынын жіті түсіндіріп, өз кеңестерін беретін», – дейді тағы да бір Саран қаласының тұрғыны.

«Өте үлгілі отбасы болатын, анасы – педагог, педучилищеде қызмет атқарды, өте ашық әрі зиялы әйел. Әкесін жақсы танымайтын едім. Алайда балаларының ер жетіп, жоғары білім алғандарына қарағанда ол да жаман кісі болмауы тиіс», – деп атап өтті тағы бір тұрғын.

90-жылдардың басында өз ісін ашқан Вадим (басылым осылай атағанды жөн көрген) тез арада танымал бола шыққан. Ісі өрге дөңгелеп, мол табысқа кенелген. Тез арада жеткен жетістіктеріне өздері де сене алмаған жігіттер мұны көтере алмаса керек-ті. Тойдан той, мерекеден мереке… Алғашқыда бәрі орнымен болғанымен, жігіттер ақырындап ащы суға бой үйретіп алған.

«Вадимнің досы ақырында осы үшін отбасынан айырылды. Ал Вадимнің бұл орайда жолы болды. Бір жағынан ол досынан қарағанда ұстамдырақ еді. Ащы суға толықтай бой алдырмаса керек-ті», – дейді қылмыскердің таныстарының бірі.

Дегенмен де, Вадимнің де ішімдікке салынғаны туралы біраздан бері ел арасында айтылып жүрді. Алайда өз ісінің білікті маманы тез арада өз өзін қолға алып, жұмысына қайта оралып отырған.

Айта кететін жайт, таныстары ер адамның шектен шығуының себебін сол күйі түсіндіре алмады.

«Сырт көзге бәрі әдемі көрінді. Сүйкімді әйелі, ақылды қызы, материалдық табыс және оған бақыт алып келген немере. Өмірден түңіліп, араққа салынатындай ешқандай жайт жоқ сияқты еді», – дейді қала тұрғыны.

Десе де Вадим ешкіммен бөліспеген бір құпияның болғаны анық. Себебі анасы бұл дүниеден озған кезде ол бұл үшін әкесін кінәлапты.

Одан кейін ер адамның басына қара бұлт үйірілді. Ол ақырында отбасымен айырылысып тынды. Оны бұл жағдайдан құтқару үшін медицина мамандары мен наркологтар жұмыс істеген.

«Соңғы уақыттары Вадим әкесімен бірге тұрып жүрді. Білмеймін, мүмкін ол толық емделмеген шығар, ал мүмкін өзіне тыйым салынған нәрселерге қайта салынған шығар. Бір анығы әкесін ол мас күйінде өлтірген. Біз ештеңе естіген жоқпыз. Қанша дегенмен қарт кісі, бір соққыдан-ақ көз жұмған шығар. Бәлкім сотта істің егжей-тегжейлі мәліметтері анықталатын шығар. Болған іске біз де өкініп отырмыз. Орны толмас қайғы… Бәріне қу арақ кінәлі», – дейді Вадимнің көршілерінің бірі.

Әзірге аймақтық ІІД адам өліміне қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда шатырға қатып қалған алып мұз әйелдің үстіне құлады

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз ауруханада көз жұмды

ЭКСПО-ны салу барысында қанша адамның қаза болғаны белгілі болы

Ақтау тұрғынының қуаттағышта тұрған телефоны жарылып жанып кетті

Талқылау