Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғынының қуаттағышта тұрған телефоны жарылып жанып кетті

Ақтаудың 40 жастағы тұрғыны Сания Болтабекованың бір апта бұрын сатып алған Samsung Galaxy S5 телефоны жарылды.

52873

 

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Тұрғын өзінің телефонмен қоса түпнұсқа емес қуаттағыш та сатып алғанын айтады. Телефонды қуаттандырғыш құрал бір үйді өртке орандыра жаздады.

«Кешкілік телефонды жаныма қуаттандырғышқа қойып, ұйқыға жаттым. Таңертең әлдененің жарылғанын естідім. Қарасам көк түтін. Көрпені лақтырып жіберіп едім телефон мен батарейі еденге құлап түсті. Батарей еденде жатып ери бастады. Әйтеуір бақытыма оран стаканда су тұрған. Соны құйып отты сөндірдім. Ешнәрсеге зақым келген жоқ. Тек еден бүлініп қалды», – дейді Сания Болтабекова.

Ол телефонның ғана емес, тоқ нүктесінің де жанып жатқанын байқаған.

«Осы оқиғаны ескерте отырып, өзгелердің сақ болуын сұраймын. Мұндай жағдай бірнеше рет болғанын естігем. Бірақ телефонды қараусыз қуаттауға қоймау керек екен. Әсіресе, бала бар кезде мұқият болу керек», – дейді ол.

ТЖД Маңғыстау облысында мұндай жағдайдың бұрын соңды болмағанын айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Қарағандылық қыз дүкенде азғындық жасап тұрған ер адамды көрді

Елімізде интернет-дүкендердің алаяқтығы әшкере болды

Өскеменде қызды құтқару үшін әскери қызметкер мұз қатқан Ертіс өзеніне секірген

Талқылау