Қарағандыда әйелдер мен ер адамдар ұрығын өткізіп ақша таба алады
Қарағандыдағы экстракорпоральді ұрықтандыру емхнасына ер адамдардың ұрығы жетпей жатыр.
Азаматтардың өткізген ұрығы үшін өтемақы беріледі, деп жазады nv.kz.
«18 бен 35 жас аралығындағы кез келген азамат донор бола алады. Олардың ұрығы тексеріледі. Таза болса, онымен жұмыс істейміз. Бірақ бізге донорлардың әлі біреуі де сай келіп жатқан жоқ. Біздің талап жоғары. Ұрықтың сапасын, санын, белсенділігін тексереміз», – дейді дәрігер
Ер адамға бір рет тапсырғаны үшін 15 мың теңге төленеді. Айына 4-5 рет тапсыра алады.
Тіпті әйелдер жұмыртқа жасушаларын тапсыра алады. Оларға төленетін өтемақы да жоғары. 60 мың мен 180 мың аралығында. Алайда тапсыратын анализдер саны көп.
Емхана донорлардың құпиялығын толықтай сақтай алады. Бұл талап ер адамдардың жаман әдеттен арылуына, ішімдік ішпей, темекі шекпеуіне де пайдасы тиюі мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Әлем бойынша адамның марихуана есірткісінен уланып өлген алғашқы жағдай тіркелді
Қарағанды облысында оқушы қыз ұстаздардың кесірінен мүгедек болып қалды