Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ер адам өзіне «қызмет көрсеткен» жезөкшелерді тонап кетті

37 жастағы Шахтинск тұрғыны екі жезөкшенің «қызметіне» жүгініп, артынша оларды тонап кеткен. Ол үшін әккі қылмыскер бойжеткендерге ойыншық тапанша кезеп қорқытқан.

prostitution

Бұл туралы «Криминальные новости» басылымы жазды.

Жұмаділов жеңіл жүрістілерді қорқытып, олардан 25 мың теңге мен 5 телефон алып қойған.

Дәурен Жұмаділов жезөкшелермен көңіл көтеру үшін Қарағандыға жиі келетін. Күндердің күнінде ол жезөкшелерге тым көп ақша жұмсап жүргенін түсініп, бұл проблеманы шешудің жолын табады.

Кезекті рет Қарағандыға аттанар сәтте Жұмаділов өз інісінің ойыншық тапаншасын ала шыққан. Қарағандыға келген соң ол Айдана есімді жеңіл жүрісті қызға хабарласқан.

«Маған бейтаныс ер азамат хабарласты. Онымен жалдамалы пәтерде кездесеміз деп келістік. Онда мен құрбым Жанаргүлмен бірге уақытша тұрып жатқанмын», — дейді Айдана.

Клиент бірден екі қызбен жыныстық қатынасқа түскісі келетінін айтып ескерткен.

Пәтерге кіргеннен кейін Дәурен қыздардың қолына 8 мың теңге ұстатқан. Алайда «махаббат» түнінен кейін ол қыздарды «сапасыз қызмет» көрсеткені үшін айыптап, ақшаны қайтарып беруді сұраған.

Қыздар бас тартқандықтан, Жұмаділов қалтасынан ойыншық тапаншасын шығарып, оларды қорқытқан.

Өмірлері үшін қауіптенген жеңіл жүрістілер жігітке өзінің 8 мың теңгесін қайтарып қана қоймай, 5 ұялы телефон мен 25 мың теңге ұстатқан.

«Тыныш отырыңдар, шығушы болмаңдар», – деген қылмыскер есік түбіне жарылғыш зат қойып кететінін де ескерткен.

Айдана құрбысымен бірге пәтерде біраз уақытқа дейін тыныш отырады. Тек бір таныстары келгенде екеуі ешқандай да жарылғыш заттың жоқ екенін түсінеді.

Қылмыскердің «түнгі көбелектер» полицияға арызданбайды» деген болжамы расталмады. Бойжеткендер тез арада құқық қорғау органдары қызметкерлерін шақыртқан.

Ал жеңіл жүрісті қыздарды алдап соққан ұрыны полиция екі күннің ішінде тауып алды.

Дәурен Жұмаділов ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды.

Ол өз кінәсін толықтай мойындап, болған іске өкінетінін де жеткізген.

Ал бойжеткендердің жігітке айтар шағымдары жоқ. Бастысы олар телефондары мен ақшаларын толықтай қайтарып алды.

Сот Жұмаділовті 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айырып, жылына 100 сағат қоғамдық еңбекке араласуға міндеттеді.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде 0-сынып оқушыларына арналған жаңа “Әліппе” шығатын болды

Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті

Көріпкел семейлік келіншектің сәбиді суға ағызбағанын айтты

Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ

Талқылау