Қарағандыда 5 жасар қыз денесін «мас ағалардың» тілгілегенін айтып берді (фото)
Әкесі пышақпен тілгілеп тастаған қыздың оқиғасы шиеленісе бастады. Көршілері ер адамның қызына осындай қастандық жасауы мүмкін дегенге сенбейді,-деп жазды 31 арна.
Бірақ ол қазір, қызын өлтіруге әрекеттенді деген айып бойынша уақытша тергеу абақтысында жатыр. Полиция қызметкерлерінің сөзінше ол өзіне және қызына пышақ жарақатын өзі салған.
Қыздың денесіндегі пышақ жарақаты дәрігерлердің өзін шошытқан. Көршілері қыздың қазір үйінде екенін айтқан. Тілгіленген денесін тіккен жіптері де түсіп үлгеріпті. Қыздың сөзі әкесінің жауабына қарсы болып тұр.
« Ол мұны әкесі істемегенін айтты. Біздер «Әкең емес пе?» деп қайта-қайта сұрадық»,-дейді 5 жасар қыздың көршісі Валентина Леонтьева.
« Бала алдау дегенді білмейді ғой, дұрыс па? Әкесі кескілеген болса ол айтатын еді. Одан «кім істеді?» дегенде «Ағалар» деп жауап берді. «Олар нешеу еді?» дегенімде ол бес саусағын көрсетті. «Олардың біреуі қатты мас болды» деп те айтып берді»,-дейді 5 жасар қыздың көршісі Тимур.
Ресми мәлімет бойынша уақытша тергеу абақтысында жатқан әке бар айыпты өз мойнына алған.