Қарағандыда 1 жасар сәбиін ауруханада тастап кеткен анасы оны балалар үйіне өткізді
Қарағандыда туа бітті жүрек ақауымен туылған баланы анасы тастап кетті. Ендігі сәби уақытша «Шапағат» балалар үйіне жіберілетін болды. Қамқоршылық органдары баланың анасымен келісе отырып, осындай шешімге келіпті, деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz.
«Баланы уақытша балалар үйіне ауыстырдық. Баланы анасынан тартып алған жоқпыз. Бала ата-анасының келісімі бойынша бір жарым жасқа дейін балалар үйінде бола алады.
Жалпы отбасы бейәлеуметтік емес. Анасы ішімдік ішпейді, тек ол – көп балалы ана. Сондықтан анасы қамқоршылық органдарымен сөйлесіп, баласын уақытша балалар үйіне өткізуге келісім берді», – дейді Абай ауданы әкімдігінің қамқоршылық және қорганшылық бөліміндегілер.
Сонымен қатар ведомстводағылар анасының баласын 3 айға қалдыруға келісім бергенін айтты. Бұл баланың отбасына көмек көрсету үшін жасалып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Қарағандыда жүрек ақауымен туылған баланы анасы ауруханаға тастап кеткен.
Оқи отырыңыз:
Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)
Астанада 13 адам зардап шекті, ал синоптиктер жаңа дауыл туралы ескертуде
Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті