Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда үш баланың анасы түрмедегі көңілдесі үшін өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Қарағандыда өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел 11 жылға түрмеге колонияға қамалсын! Бұл прокурордың соттан сұраған жазасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170816145152

Ал оның көңілдесіне прокурор 16 жыл сұрап отыр.

«Сотталушыны ҚК-ның 24-99 және 28-99 баптары бойынша кінәлі деп тануыңызды және 11 жылға бас бостандығынан айырып, тәртібін түзеу колониясына жіберуіңізді сұраймын. Оның жазасын жеңілдететін жағдайлар – кәмілеттік жасқа толмаған үш баласының болуы, өкінуі және қылмысқа қатысы бар өзге адамдарды тауып беруге көмектесуі. Кристина Абишеваның жазасын ауырлатуға өзге негіз жоқ», – деді прокурор көмекшісі Әділ Дауытов.

Прокурордың пікірінше, оның көлдесін 16 жылға бас бостандығынан айыру қажет.

«Сотталушының жазасын жеңілдететіндей ештеңе жоқ. Ал ауырлату жағдайына келсек – ол бұрын да адам өлтіргені және шабуыл жасағаны үшін сотты болған, 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда жаза мерзімін толық өтемеді. Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Енді айыбын біліп, дұрыс жолға түсудің орнына адам өлтіруге тапсырыс алған (өзіне тәуелді емес жағдайларға байланысты қылмыс жасалмады). Оны 15 жылға, ал өтелмеген 1 жылын қосқанда 16 жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын», – деп мәлімдеді Әділ Дауытов.

20170816145142

Бұл аралықта тәрбиешінің күйеуі азаматтық арыз түсіріп, әйелінен материалдық өтемақы талап еткен. Айтуынша, әйелі үйдегі сөреде тұрған 8 мың долларды ұрлап алып, оны адам өлтірушіге берген. Сондай-ақ, ол моральдық тұрғыдан өтемақы талап етті. Ер адам айыптының әрқайсысынан 4 миллион теңгеден өндіріп алмақ.

Алайда адвокат Серік Өмірқұлов оның бұл арызын қанағаттандырмауды сұрап отыр. Оның айтуынша, бұл ақшаны ерлі-зайыптылар бірігіп тапқан. Дәлел ретінде ол әйелдің еңбек кітапшасын және табысы жайлы анықтамасын көрсеткен.

Ал жәбірленуші келесі сот отырысына мұндай ақшаны ұстайтындай жеткілікті дәрежеде табыс табатынын растайтын анықтама алып келмекші.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек» бала-бақшасының тәрбиешісі, үш баланың анасы Николай Пяткинмен 2011 жылы танысқан. Ол кезде Николай адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан. Теледидардан танысу бағдарламасын көрген әйел хабарландыру бойынша көңілдесін тапқан. Кейін оған түрмеге баруды жиілеткен.

Тергеу мәліметіне сәйкес, жұп әйелдің күйеуін өлтіруді жоспарлаған. 2015 жылы Николай бостандыққа шыққан соң, екеуі кісі өлтіруші тауып, оған 8 мың доллар ұстатқан. Алайда тапсырыс алушы ақшаны алған соң, ізім ғайып жоқ болған. Алайда біраз уақыттан кейін кісі өлтіруге тапсырыс алған жендетті полицейлер есірткі саудасымен айналысқаны үшін әшкерелеген.

Сот оны айыпты деп танып, бас бостандығынан айырды. Сонда жұп одан 8 мың долларды кері қайтаруын талап етіпті. Бұдан кейін камера қызметкерлерін шақыртқан жендет әйел мен оның көңілдесінің жоспарын жайып салған.

Ал тергеу тобы тәрбиеші мен оның көңілдесін қылмыс үстінде ұстауға бел буған-ды. Полицейлердің бірі әйелге кісі өлтіруші жендет ретінде хабарласып, 100 мың теңгеге тапсырыс қабылдайтынын айтқан. Ал әйел күйеуін өлтіргеннен кейін ақша төлейтінін айтыпты. «Жендетпен» кездесу барысында әйел күйеуінің суретін көрсетіп, оның жоспарын айқындап берген-ді. Бұдан кейін жалған жендет оған күйеуінің өлгенін растайтын жалған суреттерді көрсетіп, артынша әйелді тұтындаған. Артынша көңілдесі де ұсталған.

Ал кісі өлтіруге тапсырыс алып, ізім-ғайып жоқ болған қылмыскерге қатысты жаңа іс ашылды. Себебі ол тек ақшаны қайтаруды талап еткеннен кейін  бар шындықты айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік қыз айына ақша салуды талап ететін ауылдағы ата-анасына ренжіді

Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, көлігінің жүксалғышына салып алған азаматтар ұсталды

1981 жылдан кейін туған адамдар зейнет туралы ұмытсын

Заңгер: Оғыз Доған «Эйр Астананы» сотқа берсе жеңуіне кепілмін

Талқылау