Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында тұрғындар подъезден үш баланың анасының жалаңаш денесін тапты

Қарағанды облысында көпқабатты үйдің подъездінен жалаңаштанған әйел денесін көршілер тауып алған. Оқиға Шахтинск қаласында болған.

7e63659d4d729779708e1a84d4dc63ed

Бұл туралы kriminalka.kz хабарлайды.

Антонина Ибраеваның денесі 12 қаңтар күні табылған. Ол басы, қолы, аяғы, дененің басқа да бөліктерінен пышақ ауыр жарақатын алған. Және сол күні іске күдікті ретінде 1977 жылы туған ер адам ұсталды. Оның әйел екеуінің ортақ екі кішкентай баласы бар. Алдын-ала жасалған сараптама бойынша, әйел ауыр жарақат және көп қан кетуден қайтыс болған. Оқиға орынынан қылмыстық құрал ретінде көсеу табылыпты. Ер адам бұрын да екі рет сотталған және қаладағы жеке нысандардың бірінде от жағушы болып істеген.

Көршілерінің айтуынша, ер адам мен әйел адам жиі ұрысып қалатын болған. Олар жеті жылға уақыт бірге тұрыпты. Ал 12 қаңтар күні ер адам Антонинға айқайлап, шешінуін талап еткен. Ал көршілері мінез өте ауыр, әрі қауіпті әлгі ер адамнан қорыққан. Үйде ол кезде Антонинаның бірінші некесінен туған алты жасар қызы ғана болған. Ал қалған екі бала ол уақытта балабақшада болыпты.

“Мен сол түні көршілердің қатты ұрысып жатқанын естідім. Бірақ, бұл отбасының жеке шаруасы болғандықтан полиция шақырмадым. Кейін полиция келіп, үйді қоршауға алған. Бірақ Сергей есікті ашпай қойды. Сосын тәртіп сақшылары есікті бұзып кіріп, оны алып кетті”, – дейді көршісі.

Ал күдіктінің өгей әкесі Валерий Ивановичтің айтуынша, Сергей Антонинаны қатты жақсы көрген және қызғанған. Оның айтуынша әйелдің өліміне Сергей кінәлі емес.

“Антонина бұрын үлкен қызына байланысты ата-ана құқығынан айырылған. Кейін сот арқылы қайта қалпына келтірді. Меніңше ер адам балаларды өте қатты жақсы көрген. Олар туралы үнемі ойлаған. Қазір жетім қалған балалар мемлекет қамқорлығына алынды”, – дейді қалалық білім бөлімі басқармасы балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Сәкен Құрмашев.

Оқи отырыңыз:

Астаналық оқушы мектеп маңында ашық тұрған құдыққа құлап кетті

Венецияда суға батып бара жатқан африкалықты куәгерлер қылжаққа айналдырып, кемсітті (видео)

Ақмола облысының тұрғыны сыныптас қызын өлтіріп, балаларын тірідей өртеп жіберген

ШҚО прокуратурасы қызметкері жолда жылдамдықты шектен тыс арттырып мақтанды (видео)

Талқылау