Ресейлік журналист Қарағанды облысында отбасыны құлдықтан құтқарып қалды
Қазақстанға жұмыс бабымен саяхаттауға келген ресейлік “Звезда” телеарнасының жүргізушісі Алексей Егоров, құлдықта жүрген отбасыны кезіктіріп қалған. Ол 5 жасар қыз және оның әкесі мен анасын алып шыққан.
“Фермада 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Бастапқыда қожайынымыз біз сұрансақ жіберіп тұратын. 5 жылдан соң бастық ауысты. Ол бізді ешқайда жібермейді әрі ақша да төлемейді. Бір үзім нан үшін жұмыс істейміз”, – деп айтқан Роза есімді келіншек.
“Біз оларды қалдырып кете алмадық. Олар бізден туыстарына апарып тастауымызды өтінді. Біз олардың қожайынының көзіне түспес үшін, әрірек барып тұрдық. Көліктің нөмірін де шешіп тастадық. Кім біледі, ол қарулы адамдарын да жіберуі мүмкін ғой. Айтқандай біздің ізімізден олар да тұра қуды”, дейді Алексей.
Жолай Алексей редакциямен байланысып, сюжет жасап та үлгерген. Ал белгісіз адамдар мінген көлік жүздеген шақырым бойы іздерінен қалмай қуып, тоқтауларын да талап етіпті.
Оның 15 жасар ұлы болыпты, бірақ ол мынандай өмірге төзбей асылып өлген. Күйеуі Ильяның да білімі жоқ. 8 жасынан бастап жұмысқа араласып кеткен. Сосын 5 жастағы Настя есімді қызы бар.
Отбасы Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне жеткізілген. “Заңсыз бостандықтан айыру” бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары да басталып кетіпті. Облыстық ІІД арнайы топ құрып, оқиға орынына барған. Дерек бойынша барлық айғақтар мен дәлелдер қарастырылуда.