Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында мұзға тайып жығылған ер адам тіл тартпай кетті

Қарағанды облысының Ақтас аулында ер адам мұзға тайып жығылып қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға орын алған маңдағы дүкен сатушысы ер адамның мұзға тайып жығылғаны жөнінде жедел жәрдемге хабарлаған.

«Таңертең сағат 08:08-де қоңырау түсті. Сағат 08:25-те Сарань қаласының жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына келіп, ер адамның өлімін тіркеді. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмған», – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ведомстводағылар ер адамның 50 жастан асқанын айтты. Марқұмның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптама барысында анықталатын болады.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жүк көлігінің тіркемесіне секіріп мінбек болған ер адам көлік астына түсіп мерт болды (фото)

Астанадағы қайғылы оқиға: Мұнара краны құлады

Оралда ішкі істер басқармасы маңынан жауыздықпен өлтірілген 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Павлодардағы саяжайдан ерлі-зайыптылардың өлі денесі табылды

Талқылау