Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында иті иесіне адамның бас сүйегін тауып әкелген

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында ит адамның бас сүйегін көтеріп, иесіне әкелген.

Бас сүйектің төбесі ойық болған, деп жазады nv.kz.

«Иттер сүйек іздейтіндей емес. Бәрі тойып жүреді. Мына сүйекті көру үшін әдейі адамдарға әкелді. Полиция шақырттым. Бірден 80 шақты адам жиналды. Айналадан адамның денесі де, сүйектері де табылған жоқ. Көлеміне қарағанда бұл әйел адамның басына ұқсайды», – дейді иттің иесі күзетші әйел.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров бұл оқиғаны растады. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатқанын айтты.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаевтың “егізі” әділдік үшін өзін өртеуге дайын екенін айтты (фото)

Дәрігерлер терлегенде беті мен алақанынан қан ағатын қызды емдей алмай жатыр

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Талқылау