Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында әскери бөлім сарбазы әйел адамды тонап кетті

Қарағанды облысында 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, атқыштар взводының сарбазы әйел адамды тонағаны үшін сотталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

e1a695928124e09c8fc5343524585837

24 жастағы қатардағы сарбаз көшеде әйелді тонап кеткен. Ол әскери бөлімде келісім-шарт бойынша қызмет еткен.

Жәбірленуші әйел 91 мың 400 теңгеге шығындалды. Сарбаз қылмыс орнынан қашып кетіп сөмкедегі ұялы телефонды қаладағы ЦУМ-да сатқан. Сөмкені қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған.

Ұры әскери қызметші болғандықтан, қылмыстық іс әскери-тергеу басқармасына берілді.

«Судья Есен Жұмабековтың төрағалық етуімен Қарағанды гарнизонының әскери соты жаза тағайындаған кезде оның жасы мен қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғандығын ескерді. Алайда әскердің антты бұзуы жазаны қатаңдататын жауапкершілікке жатады. Сот оны екі жылға соттады».

Сөмкесінен айырылған жәбірленушіге пайдасына сот шешімімен 100 мың теңге моральдық өтемақы беріледі. Сотталушы 33 мың 900 теңге материалдық шығынның өтемақысын төлеуге міндеттелді.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде бір топ адам жерлеу рәсімін түсіріп жатқан операторды сабап тастады

Желіде Серік Ахметовтің түрмеде футбол ойнап жүрген сәтінің суреті пайда болды (фото)

Төрт қазақстандыққа мешітте “әмин” сөзін айтқаны үшін айыппұл салынды

Талқылау