Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 7-сынып оқушысы сабақ үстінде ішімдік ішіп мас болып қалған

Қарағанды облысында жетінші сынып оқушысы сабақ үстінде алкогольді ішімдік ішіп, уланып қалған.

1481561020-70a08abbfffaf8d13648924ce5f2ec7a

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жеткіншек ащы су құйылуы мүмкін бөтелкені өзі оқитын мектептің маңайынан тапқанын айтады. Бір литрлік ыдыста қандай сусынның болғанын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

“Жарты литрден көп ішті. Бірақ арақ емес екенін нақты айта аламыз. Өйткені түсі қоңырлау болды. Мүмкін шарап та шығар. Ол жағы әзірге белгісіз”, – дейді мектеп директоры Наталья Жатько.

Сұхбат беруден бас тартқан Ризван Құрбанов бір литрлік құтыны таңертең мектеп маңынан тауып алғанын айтады. Мектеп директорының сөзінше, үшінші сабақта соңғы партаға отырып, сусынды іше бастаған ол екі сағаттан кейін есінен танып қалған. Дереу жедел жәрдем шақыртқан ұстаздарға дәрігерлер баланың алкогольді ішімдіктен уланғанын растаған. Қазір жеткіншек тәртіп сақшылары мен психологтардың есебіне тұр Ал оқиға болған мектептің екі бірдей ұстазы тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

“Оқушының үлгерімі төмен. Бұған дейін де тәртіп бұзған. Бірақ осы оқиғадан кейін көрсеткіштері жақсарды. Ал біз шу шыққан мектеп директорының орынбасары мен мұғалім екі қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарттық”, – дейді Шахтинск қаласы білім бөлімінің жетекшісі Николай Онсович.

Талқылау