Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық 19 жастағы қызға екі түрлі вакцина салып жіберген медбике қызметінен кетті

Қарағандыға екі түрлі вакцина егілгеннен кейін медбике жұмыстан шеттетілді, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі eKARAGANDA.kz басылымына сілтеп. 

"Қарағандыда екі түрлі вакцина салған медбике ісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Қызметтік тексеру мен тәртіптік комиссия отырысының қорытындысы бойынша қате екпе жасаған медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды, содан кейін ол вакцинация орталығында жұмыстан шеттетілді", – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті әр вакцина түріне жеке кабинеттері барын нақтылады.

"Емхананың медицина қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Медициналық қызметкерлерді қайта аттестаттау өткізіледі. Қате вакцина алған қарағандылық бойжеткен дәрігердің қатаң бақылауында", – деп сендірді шенеуніктер.

Естеріңізге сала кетейік, “1 маусымда 19 жастағы қарағандылық қызға коронавирустық инфекцияға қарсы екі түрлі вакцина қате егілді” деп хабарланған болатын. Қателіктің себебін анықтауға тырысқанда, ешкім нақты жауап бере алмаған еді. 

Талқылау