Қарағандыдағы дәмханада газ жарылып, екі адам қаза тапты (видео)
Фото: Іnstagram.com/newskor.krg
Қайғылы оқиға Мойынты станциясында болды. Жарылыстан кейін өрт шығып, ол 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте өрт ғимараттың бүкіл аумағына жайылып кеткен. Сондай-ақ шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр мен арақабырғалар құлаған.
Құтқарушылар үйінділерді көтеріп, зақымданған құрылымдарды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр.
15 жасқа толмаған футбол жанкүйері стадионды өртеп жіберді
Оралдағы тұрғын үйде өрт сөндіруші жұмыс істеп жатқан сәтте жойқын жарылыс болды (видео)
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы он бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі, тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы делінген.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер Мойынтыға бірден жете алмаған. Тұрғындардың сөзінше, елді мекеннің өзінде өрт сөндіру депосы жоқ, ал ең жақын өрт сөндіру бөлімі шамамен 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?