Қарағандыдағы аналардың төбелесі: Саябақ басшысы жұмыстан босатылады
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Қарағанды қаласының орталық саябағында карантиндік нормаларды өрескел бұзғаны үшін шенеуніктерді жазалауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Саябақ басшылығы,осы күні қалалық әкімшіліктегі тәртіпке жауапты адамдар осы күні санитарлық нормаларға сәйкес қала тұрғындарының бос уақыттарын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етпеген. Нәтижесінде 1 маусымда адамдар көп жиналды. Бұл жағдайға жол берген тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды", - делінген Қарағанды облысы әкімдігінің хабарламасында.
Қарағанды әкімінің екі орынбасары – Нұрлан Бикенов пен Халел Әкімжановқа, сондай-ақ мәдениет бөлімінің басшысы Баян Нұртаеваға сөгіс жарияланды.
Мәдина Әшірова бастаған саябақ басшылығы жұмыстан шығарылады.
Еске салайық, 1 маусымда Қарағандыда ата-аналар орталық саябақдағы тегін карусельдер үшін төбелес шығарған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы