Қарағандыда жеткіншек үшінші қабаттағы балконның қоршауынан ұстап ілініп тұрған (видео)

Фото: Видеодан скрин
Қарағандылық төтеншеліктер балконның қоршауынан ұстанып асылып тұрған баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Оқиға Қарағанды қаласы Дүйсембеков көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде болған.
“Құтқару қызметіне куәгерден үшінші қабаттағы балконда бала асылып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті”, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдай департаменті.
2015 жылы туған бала өз мысығын алмақ болғанда құлап кетіп, балконның қоршауынан ұстап қалған. Құтқарушылар пәтерге көтеріліп, балаға көмектесті.
Абырой болғанда, бала аман-сау, жарақат алмаған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"