Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жеті баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қарағандыда 25 жергілікті тұрғын көпбалалы ананың үстінен шағым түсіріп, оны алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Жәбірленушілер шетелден арзан бағаға тауар әкелемін деген әйелдің сөзіне сеніп, ақшаны да, тауарды да ала аламай отырғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Жәбірленушілердің айтуынша, көпбалалы ана интернет арқылы Қытай, Түркия және Ресейден тауарлар алып келуге тапсырыс қабылдайды. Арзан бағада жиһаз, тұрмыстық техника, ұялы телефон, тіпті автокөліктерді 5-6 миллионға әкеліп сататын. Адамдар ақшаларын аударған, алайда тауардан хабар жоқ.

Сөйтіп олар полицияға көпбалалы ананың үстінен шағым түсірген.

“Біз тамызда көлікке тапсырыс бердік. Ол көлік қарашада келеді деп уәде беріп, есеп ретінде видео жіберді. Тіпті дауыстық хабарламалары да бар. Бірақ содан кейін мүлдем байланысқа шықпады. Кейін “кешіріз, мені алдап кетті” деп шықты. Кім, қандай ЖШС алдап кеткені белгісіз. Кейін ақшасы жоғын айтып, бөліп-бөліп қайтаруға уәде берді. Десе де ол қайтарды. Кейбіреуіне қарызы ондай көп емес екен. Соның өзін бөліп қайтарып жүр”, – дейді жәбірленуші.

Тәртіп сақшылары аталған “Алаяқтық” бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел Қарағанды тұрғындарының өзіне 50 миллион теңгеден астам қарыз болып шықты. Полиция зардап шеккендердің бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Қазір күдікті екі айға қамауға алынды. Оған сот бұлтартпау шарасын тағайындады. Күдікті сот отырысында ол өзінің жауапсыз жеткізушілердің құрбаны болғанын айтты.

Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Айдар Михибаев күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алынып, оған бұлтартпау шарасы тағайындалғанын айтты. Ол 2024 жылдың 9 желтоқсанынан сағат 19:30-дан бастап, 2025 жылдың 09 ақпанына дейін сағат 19:30-ға дейін қамауда отырады.

Талқылау