Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

Фото: Видеодан скрин

30 қыркүйек күні кешкі уақытта Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері мен жалаңаш қыздың денесі табылды. Полиция қызметкері жансақтау бөлімінде комада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қимылсыз жатқан қыз бен ер адамды тапқан. Жалаңаш қыздың денесі бір бөлмеде, ес-түссіз жатқан полиция қызметкері екінші бөлмеден табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қандай да бір әсер ететін заттан есін жоғалтқан. Диагнозы – белгісіз затты мөлшерден тыс тұтыну.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияның бір тірек пунктінен қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медицина мекемесіне жеткізілді.

Мәселені жан-жақты тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер мұқият тергеліп, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады.

“Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын. Іс менің жеке бақылауымда”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, ішкі қауіпсіздік департаменті де тартылды. Сонымен қатар, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ол қыздың қайтыс болу фактісін және полицейдің ес-түссіз болу себебін анықтауы тиіс. Егер аумақтық полиция департаментінің қандай да бір лауазымды тұлғаларының кінәсі дәлелденсе, олар бойынша ең қатаң тәртіптік шаралар қабылданатын болады", – деді министрдің орынбасары Мәжіліс кулуарында.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 10:44
Талқылау