Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тұрғындар 1 миллиард теңгеге салынған алаңның сапасына наразы

Қарағандыда “Алаш” алаңы ашылды. Бұл көпқабатты үйлер бой көтерген жаңа ауданда серуендеуге арналған жалғыз орын болғанымен, тұрғындар мұның сапасына риза емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

“Алаш” алаңында жолдарға шамдар жағылып, орындықтар мен түрлі ұлттық элементтер орнатылды. Бірақ қала тұрғындары мұндағы бөлшектердің толық емес екенін айтады.

“Ол жердегі асықтар сынған, жалпы сапасыз жасалыпты. Каучук сияқты, тіпті каучук бұдан мықтырақ болар. Сол жерде олардың сынып жатқанын көрдім, өздігінен сынған сияқты. Ұзаққа созылып еді, олар былтыр бастады, бірақ әлі істеп жатыр. Сонда да сапасыз, бірден байқалады. Сосын жөндеуді қайта бастайды, жөндеуге де 2 миллиард құртады”, – деді қарағандылық Айбике Тілемісова.

Тұрғындар балаларға арналған ойын алаңдары да нашар жағдайда дейді. Қала тұрғындарының айтуынша, олар қауіпті. Ересектер балаларды өңделмеген ағаштан аулақ ұстауға тырысады.

“Қауіпті болса, жақындамай, басқа жерде жүреміз. Әрине, мұндай ақша бөлгеннің өзінде оны қолдана алмайтынымыз өкінішті”, – деді Ақмарал Сағатбекова.

Атышулы жобаның құны – 1 миллиард 200 миллион теңге. Мердігер төлемнің 30%-ын алып үлгерді. Бірақ шенеуніктер тағы бюджет қаржысын бөлуге ниетті. Мұнда олар алашордалықтарға арналған тақырыптық шағын архитектуралық пішіндерді орнатуға уәде беріп отыр. 

“Жақында қар жауып, күн суытады. Түрлі жарақаттардың немесе кез келген жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін біз бұл элементтерді қазір жай алып тастаймыз. Оларды биыл консервацияға аламыз және ол жерде ешқандай жұмыс жүргізбейміз. Ағаштан жасалған балалар бұйымдары бойынша да хабарлама жіберілді, біз техникалық қадағалау жасаймыз. Олар да ретке келтірілмек. Жоба екінші рет түзетуден өтті, біз соманы күтіп отырмыз. Сәйкесінше кеңейтіледі”, – деді Қарағанды қаласының Қазыбек би аудан әкімдігінің абаттандыруды жоспарлау бөлімінің басшысы Нариман Иткарин.

Қарағандылық шенеуніктердің жобалары бұған дейін де сынға қалыпты. Мәселен, жаздың басында қала тұрғындары қалаға кіре берісте пайда болған тіректерді сынға алды. 10 құрылымға бюджеттен 45 миллион бөлінген. Кейбіреулер олардарды астаналық LRT-мен белсенді түрде салыстырды. Басқалары қоғамдық дәретхана немесе темекі шегуге арналған бөлмемен салыстырды.

Орталық даңғылдағы 40 мың шаршы метр тас жолдың ауыстырылғаны да көпке жақпаған. Себебі ол қазынаға бір жарым миллиард теңгеге жуық шығын әкеледі. 

"Бәрін тез-тез, қар жаумай тұрып бітіргісі келіп жатыр. Сапасы өте нашар. Неліктен мұны әкімдіктің өзі істемейді немесе техникалық қадағалау жасамайды? Халықтың өздері уайымдап, "қисық, қиғаш істеліп жатыр, қыста су болады, су ағып кетеді" деп жатады. Бақылау жағы ақсаңдап тұр. Тапсырыс беруші әкімдік бақылау жағын реттесе”, – деді қоғам белсендісі Бақтияр Омарханов.

Талқылау