Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда педофил жарты жылдан астам уақыт өгей қызын зорлаған

Қарағандыда жарты жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған педофил сот үкімін өзгертуді сұрады. Ол 12,5 жылға сотталған еді. Алайда апелляция алқасы сот шешімін әділ деп тауып, үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облыстық соты бірнеше ай бойы өзінің кәмелетке толмаған өгей қызына қатысты жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасаған ер адамға қатысты Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Жақында қылмыстық іс апелляция сатысына қорғау тарапының оны ақтауды сұраған шағымы бойынша келіп түсті.

Алайда сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Сот істің мән-жайын дұрыс анықтады. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың 27 тамызына дейін түнгі уақытта М. 2004 жылы туған кәмелетке толмаған өгей қызының жатын бөлмесіне жүйелі түрде келіп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Бұл мән-жай кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен расталады.

“Сот сотталған адамға жасалған құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіп сипаты мен дәрежесін, оның жеке басын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайды ескере отырып, жасалған әрекетке мөлшерлес қылмыстық заң бабының санкциясы шегінде жаза тағайындады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, судья айыпталушының екі жас баласы бар екенін ескерді. Бұл жайтты сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін себеп деп таныды.

"М-ның қылмыстық әрекеті 2019 жылдың тамызында аяқталды және осы кезеңде ҚК 121-бабының 3-бөлігінің 1-тармағының 2-тармағының санкциясы 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырды.

Жеңілдететін және ауырлататын мән-жай болған кезде ең ұзақ мерзім 12 жыл 7 ай бас бостандығынан айырудан (15 жылдан 3/4) аспауы тиіс.

Осылайша, сот М-ға заңмен қарастырылған ең қатал жазаны тағайындаған. Сот алқасы үкімді бұзуға немесе өзгертуге негіз бола алатын материалдық және процессуальдық заңның талаптарын бұзу фактілерін анықтамады", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Талқылау