Қарағандыда оқушылардан ақша бопсалады деп айыпталған 17 жастағы жасөспірім жындыханаға жіберілді
Фото: freepik.com
Қарағандыда бұрынғы мектебіне барып, оқушылардан ақша бопсалады деген күдікке ілінген 17 жастағы жасөспірім психикалық диспансерге жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқушылардан ақша жинау туралы дерегі туралы әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының ата-аналары мәлімдеген. Бір баланың анасы күдіктінің өзінің ұлына жыныстық сипаттағы қысым көрсеткенін айтқан.
Алайда ресми түрде ақша жинау мен жыныстық қысым көрсету фактісі расталмаған.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім арнайы органдарда есепте тұрған.
"24 қыркүйекте полиция қызметкерлері жасөспірімді облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Жағдай толық бақылауда, мектеп оқушыларының ата-аналары үшін алаңдауға негіз жоқ", – делінген полиция хабарламасында.
Ресми деректерге сүйенсек, жасөспірімге қатысты бұған дейін де қылмыстық іс тергелген, алайда сот оны психикалық жағдайына байланысты жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлі амбулаторлық ем тағайындаған.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз жындыханадан бір-ақ шыққаны туралы жазған едік.

“Қатардағы қызметкерді қорғап, куәлік еткенім үшін жұмыстан босатты”: Ақтөбелік келіншек әскери горнизондағы әділетсіздікке шағымданды
