Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда оқытушының студенттерді шапалақпен ұрған сәті видеоға түсіп қалды

Әлеумттік желіде Қарағандыдағы жоғары политехникалық колледждің төртінші корпусында оқытушының студенттерді ұрыс-соғу әрекеті түсірілген видео таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Видеода оқу орнының оқытушысы құтқарушы формасын киген студенттерге жақындап, шапалақпен ұрғаны және жұдырығымен іштен ұрып жатқаны көрінеді. Сонымен қатар оның жәбірленушілерден енді шу шығармайтындарын сұрап жатқаны естіледі.

Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырып, тиісті органдардан шара қолдануды талап етуге себеп болды. Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша алдын ала тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Облыстық білім басқармасы бұл мұғалімнің жұмыстан босатылатынын хабарлады.

"Бұл оқытушы – зейнеткер. Бірақ колледжде аздаған сағаттарымен жұмыс істеп жүр. Ол балалардан және ата-аналардан кешірім сұрады және оны жұмыстан шығарады. Колледж атынан полиция департаментіне арыз беріледі. Ертең колледж басшылығы ата-аналармен кездеседі", – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін 16 қазан күні Семейдегі №38 мектеп-лицейде оқушылар мұғалімнен қысым көргенін жаздық. Сұмдық жағдай туралы оқушының ата-анасы айтып берді. Ата-ананың сөзінше, 7-сынып оқушысының дәптері жоғын білген тарих пәнінің мұғалімі оны жеке сөйлесуге дәретханаға алып барған. Кейін оған тағы бір баланы ертіп алып келуге жіберген. Сөйтіп 13 жастағы балаларды әжетханада біраз уақыт ұстап, балағат сөздер айтып, белгілі бір “түсініктер” туралы әңгіме қозғаған. Мұғалім айғайлап, бұл жағдай туралы ешкім білмеу кере екенін айтып, қорқытқан. 

Талқылау