Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ес-түссіз табылған полицияның жағдайы тұрақтанды: Ол қыздың өліміне қатысты тергеледі

Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

Фото: Видеодан скрин

Қарағандыдағы полиция пунктінде ес-түссіз күйде табылған майордың жағдайы тұрақтанды. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды, алайда ол әлі де ауыр халде. Ер адам ауруханадан шыққан соң 23 жастағы Эльмираның жұмбақ өліміне байланысты тергеуге алынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriot арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыдағы Михайлов полиция бөлімінің тірек пунктінде ес-түссіз күйде табылған учаскелік полиция инспекторының жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер оның өміріне төнген қауіпті еңсеріп, жағдайын тұрақтандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriot арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"36 жастағы науқастың жағдайы ауыр, бірақ енді аса ауыр емес. Жағдайы жақсарып келе жатқаны байқалады", – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Егер полиция майорының емделу процесі сәтті өтсе, ауруханадан шыққан соң оны 23 жастағы Эльмира есімді қыздың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында тергеуші сұраққа алады. Марқұм Эльмираның артында төрт жасар ұлы қалды. Бала күн сайын анасын іздеп жүр. Қыз РТИ (Резеңке-техникалық бұйымдар зауыты) ауданында жерленген.

Марқұмның туыстары химиялық-токсикологиялық сараптама қорытындысын күтіп отыр. Бұл сараптама оның өлімінің нақты себебін анықтап береді. Эльмира жұмыс істемеген, баласын өзі тәрбиелеп отырған. Ол полицейді бұрыннан таныған.

Айта кетейік, 30 қыркүйек кешінде аға учаскелік инспектор полиция тірек пунктіне келген кезде диванда шешінген күйде жатқан, өмір белгілері байқалмаған қызды тапқан.

Ал басқа бөлмеде үстел үстінде полиция майоры ес-түссіз күйде жатқан. Ер адам мен қыздың қанша уақыт бойы сол күйде болғаны әзірге белгісіз.

Аға инспектор дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған. Дәрігерлер оқиға орнында ер адамға реанимациялық көмек көрсетіп, оны Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген. 36 жастағы полиция қызметкері жансақтау бөліміне түскен. Қыздың да, полицейдің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері, күрес іздері немесе қанның ізі табылмаған. Яғни оларды ұрмаған, тұншықтырмаған. Неліктен қыз көз жұмып, ал полицей ауыр халге түскені әзірге белгісіз.

Белгілі болғандай, бұл полицей бұған дейін Теміртауда тергеуші болып қызмет атқарған. Тәжірибелі маман болғанына қарамастан, ол Қарағандыда учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған. Мұны қызметтік өсім деуге келмейді. Мүмкін, бұл шешім оның отбасылық жағдайымен байланысты болған шығар.


Қылмыскер басын кесіп өлтірген полицейдің анасына Қостанай полициясы 23 млн теңге өтемақы төлейді


Астана полиция қызметкері жол ережесін бұзбаған азаматтарға да айыппұл рәсімдеп отырған


Еске салайық, бұған дейін 30 қыркүйек күні кешке Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды. Полицей жансақтау бөлімінде комада жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол белгісіз затты шамадан тыс қолданған. Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 11:15
Талқылау