Қарағандыда екі танысын өлтірген ер адамның мәйіті өз үйінен табылды
Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікті өз пәтерінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде орталық Бұқар жырау даңғылындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде екі кісі өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Мәліметтер бойынша, үш ер адам арасында жанжал болған. Қақтығысқа қатысушылардың бірі өзінің таныстарын өлтіріп, кейін оларды сыртынан қамап, үйіне кеіп қалған.
Полицейлер күдіктіні анықтады. Алайда оны тірідей ұстау мүмкін болмады. Себебі ол өз үйінде өлі табылды.
Қарағанды облысының полиция департаменті қос кісі өлтіру Қарағандыдағы пәтерлердің бірінде болғанын растады. Сондай-ақ олар күдіктінің сол күні анықталғанын, бірақ оның шынымен өлі табылғанын айтты.
"Сол күні жедел уәкілдер 30 жастағы күдіктіні анықтап, оны ұстау шараларын жүргізді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің мәйітін тапты. Оның өліміне дәрі-дәрмектен немесе есірткіден улану себеп болған", – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді