Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда тапанша ұрлады деп айыпталған полиция басшысының бұрынғы орынбасары сот залында босатылды

Ұрланған тапанша: Қарағандыда бұрынғы полиция басшысының орынбасарына қатысты сот үкімі шықтыФото: gov.kz

Қарағандыда Қазыбек би аудандық соты тапанша жымқырды деп айыпталған қалалық полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарын ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қарағандыда бұрынғы полиция басшысының орынбасарына қатысты сот бірнеше айға созылды. Ол сот залында босатылды. 

Еске салайық, оқиға биыл 10 наурызға қараған түні Қарағанды қаласында тергеу-жедел тобының қызметі кезінде болған. 102 пультіне түскен хабарлама түскен соң полиция жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Оларға жүргізушінің өзін агрессивті ұстап, жол қозғалысына қатысушыларға қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан.

Көліктің салонында жүргізуші, оның жұбайы және кәмелетке толмаған қызы болған. Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ТТ маркалы тапаншаны тәркілеп, оны көліктің капотына қойған.

Кейінірек олардың жанына полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары келді. Ол жүргізушінің туысы болып шықты. Ведомство басшысының оранбасары жалғыз болмаған. Қысқа әңгімеден кейін ер адамдар оқиға орнынан кетіп қалған. Сол сәтте тапаншаның жоғалғаны анықталды.

Заттай дәлелдің жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу-жедел тобының үш мүшесі – анықтаушы, криминалист және жедел уәкіл қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Іс бойынша полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары мен оның серігі күдікті ретінде танылды. Екеуі де автокөлік жүргізушісіне туыс болып келеді және қамауға алынды.

Істі Алексей Ан қарады. Алайда сот полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасарының тапаншаның жоғалуына қатысы бар екенін немесе оны ұрлауға жәрдемдескенін дәлелдейтін айғақ таппады.

Сот тапаншаны ұстау орнынан полицияның бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерінің серігі – екінші адам ұрлаған деген қорытындыға келді. Соттың нұсқасы бойынша, ол объективті тергеуге кедергі келтіру мақсатында әрекет еткен.

Кейінірек сол түні ер адам қаруды оқиға орнына қайтарған. Алайда ол бөлшектелген күйде қайтарылды және кейбір бөліктері болмаған. Сотта ол өз кінәсін мойындап, өз бетінше әрекет жасағанын, ал полиция басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұрлық туралы білмегенін және онымен сөз байласуға бармағанын мәлімдеді.

Сот оның әрекетін ұрлық бабынан сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіру бабына қайта саралады. Ер адамға 314 560 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қамауда болған уақыты ескеріліп, жаза өтелген деп танылды.

“Екінші қатысушының кінәсі оқиға орнынан алынған бейнежазбалармен, іс материалдарымен және оның өз кінәсін мойындаған айғақтарымен дәлелденді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады”, — деп нақтылады сотта.

Бұған дейін тергеу-жедел тобының жұмыстан босатылған қызметкерлері сот арқылы қызметке қайта тұруға әрекет жасаған. Олар тағайындалған жаза шамадан тыс деп санап, мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген кезең үшін жалақы өндіруді талап еткен. Алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар жұмыстан босатуды заңды деп таныды. Шешім заңды күшіне енді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 09:06