Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген ер адам сотта кешірім сұрады

Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

51 жастағы ер адам қылмысты балаларының көзінше жасаған. Сот отырысында күдікті кінәсін толық мойындады. 

“Жек көріп, іс-әрекетінің әлеуметтік қоғамдық сипатын түсініп, мас күйінде қасақана үш рет пышақтап, қашып кеткен”, – деді прокурор Жанқуат Ахмедин. 

Қылмыс жасаған соң күдікті ауланы айналып біраз жүріп, есін жиғанда полицияға өзі берілген. 


Ақтөбе облысында ер адам әйелін үйіне кешігіп келгені үшін пышақтап өлтірді


Күдіктінің айтуынша, әйелімен жанжал сол күні таңертең басталған. Бір ай бойы жұмыссыз жатқандықтан, таңертең үйден жұмыс іздеп шығып кетіпті. Екі қолға күрек таппай сағат бес шамасында бір шөлмек арағын алып қайтып келіпті. Ішіп алған соң ұрыс-керіс жалғасып, балалары полиция шақырған. Шақыртуға келген тәртіп сақшылары тек ескерту жасап, кетіп қалған. Полиция кете сала, күдікті әйелін пышақтап өлтіріпті.

Ерлі зайыптылар осыдан 10 жыл бұрын ресми ажырасқанымен, бірге тұрып келіпті. Күдікті кінәсін толық мойындап, алқа билер сотынан да бас тартқан. Марқұмның артында 17 және 15 жастағы ұлы мен қызы қалды.

“Жөндеу жасаған бөлмені сыпырып жүріп, айғайлап, маған боқауыз сөздер айтты. Шынымды айтқанда, қалай қылмысқа барғанымды айта алмаймын, не үшін барғанымды, қалай пышақ сұққанымды. Істеген ісіме кешірім сұраймын, барлықтарыңыздан”, – деді күдікті сот отырысында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот басталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау