Қарағандыда 1,5 жасар бала 22 магнит жұтып қойды
Фото: Видеодан скрин
Қарағандыда 1,5 жасар бала бірден 22 магнит допты жұтып қойған. Алайда ересектер бұл туралы бірден білмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қатты іш ауруы мен дене қызуымен келген бала дәрігердің уақытылы араласуының арқасында өмірін сақтап қалды.
Ішкі тексеріс барысында дәрігерлер баланың асқазанынан магниттер тапты. Белгілі болғандай, бала қауіпті ойыншықтарды жұтып қойған және олар бір-біріне жабысып үлгерген екен.
Дәрігерлер ішкі ағзалардың жарылу қаупін ескере отырып, баланы шұғыл түрде отаға алды.
Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасының жедел хирургия бөлімінің меңгерушісі Бейбит Бердібеков баланың қазір қалпына келе жатқанын хабарлады.
"Баланы шұғыл түрде отаға дайындадық. Операция сәтті өтті, магниттер алынды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол реанимация бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды", – деді Бейбит Бердібеков.
Мойнындағы металл алқасын шешпеген: Ер адамды МРТ аппараты тартып кетіп, қайтыс болды
Жамбыл облысында дәрігерлер науқастың асқазанынан ұзындығы 30 см-ден асатын шаш түйінін алып тастады
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда үш жасар бала 10 магнит шарды жұтып қойғанын жаздық. Дәрігерлер бөгде денелер табиғи жолмен шығуын күтеміз деп шешім қабылдаған. Соның салдарынан балада перитонит дамып, ота үстелінде қайтыс болды. Анасы дәрігерлердің әрекетсіздігіне шағымданды, адвокат полицияның немқұрайлығына назар аударды. Прокуратура шағымды ішінара қанағаттандырып, тергеуді бақылауға алу және кінәлілерді тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс жіберді. Іс бір жылдан бері тоқтап тұр, бірнеше тергеуші ауысып, сараптамалар ұзаққа созылып жатыр.

"Эфирден қиып тастайды, концертке қатыстырмайды": Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болған
