Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде мал жаппай қырылып қалған (видео)

Мал жайылып жүрФото: pixabay.com

Желіде Қарағанды облысы Долинка ауылында малдың жаппай қырылып жатқанын көрсеткен видео тарады. Бұл жағдай 15 шілдеге қараған түні болған. Тұрғындардың айтуынша, жүзден астам қой қырылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Долинка ауылының тұрғындары мал бірдеңеден уланған деп топшылап отыр.

Қарағанды облысының ветеринария басқармасы уақ малдың улануы фактісі тіркелгенін растады. Ведомство мәліметінше, мал күнде жайылып жүрген өріске жайылған.

"Жануарлар бір су көзінен суғарылған. Алдын-ала тексеру бойынша, өлім-жітім улану салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Мал өлімінің нақты себептері зерттеулер нәтижелері бойынша анықталады. Эпизоотиялық жағдай тұрақты және бақылауда – аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ. Мамандар дерек көзін анықтау және осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жалғастырады", – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары аптап ыстық салдарынан мал жаппай қырылып жатқанын мәлімдеген еді. 

Аида Тақабаева
Сейсенбі, 15 Шілде, 2025 16:29
Талқылау