Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ апаты кезінде экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген.
“Екі ұшқыш та тірі, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Ұшақ құлаған орын қоршауға алынды. Халыққа және инфрақұрылым нысандарына қауіп тіркелмеді”, – деп мәлімдеді ведомство.
Ұшақтың апатқа ұшырау себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады. Комиссияның құрамында авиация қызметінің салалық мамандары бар.
- "Гүріл мен тарс еткен дауыс естілді": Ақтөбеде аспандағы әскери ұшақ тұрғындарды шошытты (видео)
- Арнайы қауіпсіздік шаралары: Си Цзиньпиннің ұшағын Астанаға дейін қазақстандық жойғыш-ұшақтар алып жүрген (видео)
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Бұған дейін ресейлік жойғыш ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонған еді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты