Қарағанды облысында сайлауға дауыс беруге кетіп, іс-түссіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр
Фото: Tengrinews.kz
Қарағанды облысы Шахан ауылының 37 жастағы тұрғынын туыстары мен полиция бір айдан аса уақыттан бері іздеп жатыр. Ер адам биыл маусым айында сайлауға дауыс беруге кетіп, сол күйі оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еламан Ахмедия ата-анасымен Қарағандыдан 40 шақырымдай жердегі Шахан ауылында тұрады. 22 маусым күні таңертең ол өзінің сайлау учаскесіне барып, дауыс беріп, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген.
"Еламанды соңғы рет сайлау учаскесінде (әкім сайлауы) көрген. Содан бері оны ешкім көрмеді. Бір күн бұрын ол ұялы телефонын жоғалтып алған, сондықтан біз оны "тексере алмаймыз". Біз дереу полицияға хабарластық. Бірақ әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Ал ата-анамыз оны үйде күтіп отыр. Анам қатты уайымдап отыр", – дейді жоғалған жігіттің ағасы Алданай Ахмедия.
Туыстарының айтуынша, Еламан сабырлы, ішімдік ішпейді. Ол әр жерде толық емес жұмыс істеп жүрген. Енді ер адам із-түссіз жоғалып, туған-туыстарына қайда екенін айта алмай отыр.
"Ол анасының үнемі уайымдайтынын жақсы біледі. Қайда барса да телефон соғып, ескертетін. Ақша табуға кетсе біреуден телефон сұрап, хабарласып ескертер еді. Бір ай өтті, одан хабар жоқ. Оны бір жерге күштеп апарып, жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатқан болар деп қорқамыз", – дейді Еламанның туыстары.
Қарағанды облыстық полиция департаменті Еламан Ахмедияны іздестіріп жатқанын растады.
“Барлық қызметкерлер хабардар. Полиция жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық ықтимал орындар мен оқиғаның нұсқаларын тексеріп жатыр”, – делінген хабарламада.
Еламан Ахмедия денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Оның бойы 165-170 сантиметр.
Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт екі аптадан бері табылмай жатқаны туралы жазған едік.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
