Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты: Көз жұмғандар ішінде балалар бар
Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан көлік жол жиегіне (кювет) құлады. Жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты. Олардың ішінде екеуі бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қарағанды облысы полиция департаментінен
Оқиға 15 қарашада сағат 10:00 шамасында Курминка кентінен екі шақырым жерде орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында болған. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі жолдағы көктайғақта рульді басқара алмай, кюветке аударылған.
"Апат салдарынан жүргізуші мен оның алты жолаушысы, оның ішінде екі бала оқиға орнында көз жұмды. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға шақырды.
Еске салсақ, Қазақстанда биыл жол апатынан зардап шеккендердің саны рекордтық деңгейге жеткенін хабарлаған едік.