Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қаржы пирамидасы адам тарту үшін балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген

қаржы пирамидасы

Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың долларға (16 миллион теңге-26 миллион теңге) дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

“Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе ("VIP-1" – "VIP-6") қолданылған. Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған”, – делінген хабарламада.


"Медициналық каннабистен табыс уәде еткен": Көкшетауда "S-Group" қаржы пирамидасының былығы әшкере болды


1 миллиард теңге шығын келген: "Аяла Голд" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы туыстарын "дроппер" ретінде пайдаланған


Сенім ұялату үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген. Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 қатысушы тартылған.

Сот санкциясымен 32 мың долларлық криптовалютаға тыйым салынды.

Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 15:39
Талқылау