Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, жүкті еткен молда сотталды

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, жүкті еткен 40 жастағы ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкенттік қыз екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Сот материалдарына сүйенсек, айыпталушы ауылдағы мешітте молда болған. Ол жәбірленуші қыздың отбасына шаруа жағынан көмектесіп жүріпті. 2020 жылы ер азамат 14 жастағы қыздың үйінде ешкімнің жоғын пайдаланып, оны зорлаған. Кейіннен күдікті қызды мәжбүрлеп тағы үш рет жыныстық қатынасқа тартып, жүкті еткен. 

“Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сотта жәбірленушіден, оның заңды өкілдерінен, куәгерлерден жауап алынды, жүргізілген сараптамалардың нәтижелері және іс бойынша жиналған дәлелдемелер зерттелді. Прокурор сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-тармағы бойынша ("Кәмелетке толмаған баланы зорлау") кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың талабымен келіскен”, – делінген сот хабарламасында. 



Айыпталушының өзі кінәсін жартылай мойындаған. Оның адвокаты жазаны жеңілдетуіге тырысыпты. Дегенмен, прокурордың өтініші мақұлданып, ер азамат 20 жылға темір торға тоғытылды. Бұған қоса, оның өмір бойына педагогика саласына қызмет істеуіне шектеу қойылды. 

Сот әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін кәмелекет толмаған қыз 40 жастағы азаматтан жүкті болып қалғаны айтылған еді. Кейіннен қызды ауыл молдасы зорлағаны анықталды. 

Талқылау