Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында әкесі 15 жастағы өгей қызын өз досына күштеп күйеуге берді деп айыпталды

Қарағанды облысында өгей әкесі 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күштеп күйеуге бергені туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos.com / VitalikRadko

Немолчи қорының дерегіне сәйкес, оқиға Қарағанды облысының Абай ауылында болған. Өгей әкесі қызын күштеп күйеуге берген соң, 38 жастағы досы оны бес күн бойы зорлаған.

Қордан көмек сұрап, қыздың ағасы жүгінген. Ол жасөспірім бес күн бойы жалғасқан зорлық-зомбылықтан кейін туған әкесіне қашып келгенін айтты. Арыз жазылған, бірақ қордың мәліметінше, полиция оны бірден қабылдамаған және уақыт созып жүріп алған. 

Қарағанды облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оқиғаға қатысты барлық адамдар анықталып, жауап алынғанын нақтылады.

“Барлық күдіктілер анықталып, олардан жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.


Абай облысында 12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына бас бостандығынын айырылды

Талқылау