Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті
Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде үш адам зардап шекті. Өрт Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында 3 мың гектарды қамтыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хабар арнасы зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Олар Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғындары. Ауыр халде зардап шеккендердің бірінің денесін 90% күйік шалған.
Құтқарушылар бір тәулік ішінде 6 дала өрттін сөндірген.
Айта кетейік, өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.
Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Қарағанды облысында дала өрті салдарынан жүздеген мал басы қырылды, бұл көптеген жергілікті тұрғындардың жалғыз табыс көзі еді.
Қарағанды облысында із-түссіз жоғалған алты баланың әкесі туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі