Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында әйел автобус аялдамасында босанып қалды

әйел аялдамада босанып қалды

Фото. Ru.freepik.com

Қарағанды облысында жүкті әйелді Гапеева көшесіндегі ТБЦ аялдамасында кенеттен толғақ қысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келіншек аялдамада босанып қалған. Өткен-кеткен адамдар оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. 

"Көрсетілген көмек нәтижесінде анасы мен жаңа туған нәресте облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығына жеткізілді. Ананың жағдайы тұрақты. Нәресте жансақтау бөлімінде жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, сәбидің жағдайы ауыр.


АҚШ-та жүктіліктің екінші айында қайтыс болған әйелдің сәбиі дүниеге келді


Абортқа тыйым салғандықтан өліп қалған жүкті әйелді үш айдан бері жасанды желдету аппаратына қосып қойған


Бұған дейін қостанайлық әйел дәрігерлердің кесірінен сәбиі мен қайта ана атану мүмкіндігінен айырылғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 17:42
Талқылау