Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан 500-дей көлік жолда қалып қойған

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райының кесірінен жол жабылып, 500 көлік жолда қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

10 наурыз қолайсыз ауа райы жағдайына, боран мен жолдың нашар көрінуіне байланысты Қарағанды облысының аумағындағы барлық республикалық және облыстық маңызы бар автожол уақытша жабылды.

“Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Автожолдардың негізгі учаскелерінде патрульдік полиция нарядтарының саны артты. Жол қозғалысының шектелуіне байланысты Қарағанды-Астана бағытында шамамен 500 автокөлік, ал Қарағанды-Балқаш тасжолында 50-ден астам көлік құралы жолда қалып отыр”, – делінген хабарламада.



Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автоколонналарды алып жүрген. Теміртау терминалынан Ақмола облысының шекарасына дейін 500-ге жуық көлік қауіпсіз түрде жеткізілді.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге сапарға шығудан уақытша бас тартып, ауа райының жақсаруын күтуді және жолдардың жағдайы туралы жаңартылған ақпаратты мұқият қадағалауды ұсынады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қолайсыз ауа райы себебінен 15 ірі тас жол жабылғаны жазылды. 

Талқылау