Қарағанды облысында 14 жастағы қыз 36 жастағы ер адаммен бірге тұрып келген
Фото: Freepik.com
Теміртауда 14 жастағы қыз 36 жастағы ер адаммен бірге тұрып келген. Жасөспірімнің анасы ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Теміртау қаласының білім бөлімі тарапынан 2010 жылғы жасөспірімге қатысты оның анасын ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіру туралы азаматтық іс қарады.
Талап арызда көрсетілгендей, кәмелетке толмаған баланың жүріп-тұруы мен оқуына қажетті тұрмыстық жағдай жасалмаған. Әйелдің қыздың тәрбиесне араласпайтыны, жағдайын жасамайтыны, жұмыс істемей, ішімдік ішетінін белгілі болды. Яғни, ол ата-ана ретінде өз міндеттерін орындамай, баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Тіпті баласының жағдайын білгісі келмейді.
“Салдарынан кәмелетке толмаған қыз 14 жасынан бастап 36 жастағы ер адаммен бірге тұрған", – деп атап өтті сот.
Соттің мәліметінше, жауапкер полицияда бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-ана ретінде тіркеуде тұр.
Әйел бірнеше рет ата-ана міндеттерін орындамай, алкогольдік ішімдік ішкені үшін және баласына түнде заңды өкілінсіз үйден тыс жерде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2025 жылдың 12 наурызында қыз бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Қазір сол жерде тұрып жатыр.
Сотта қамқоршылық органы мен прокурор талап-арызды қанағаттандыруды сұрады. Әйел де, қызы да соттан анасын ата-ана құқығынан айырмауды сұрады.Сот шешімімен талап-арыз қанағаттандырылды. Әйел кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айырылды. Сот баланы асырауға алимент өндіру туралы шешім шығарды.
Аталған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
