Қарағанды-Алматы тас жолында тікұшақ көліктерге жақын жерден ұшып өткен
Фото: Видеодан скрин
Қарағанды-Алматы тас жолында белгісіз тікұшақ көліктердің төбесіне жақын жерден ұшып өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрлардан тікұшақтың жол үстінде төмен ұшып бара жатқанын көруге болады. Қолданушы оқиғаның Қарағанды-Алматы тас жолында болғанын хабарлады.
"Тас жолда келе жатқанмын. Тікұшақ тура көлігімнің үстінен бір-екі метр жоғары ұшып өтті! Бұл жаңа норма ма? Мен отбасыммен келе жатқанмын. Бұл күтпеген жағдай болды. Бұл – жай ғана қорқынышты емес, өте қауіпті жағдай. Тікұшақтардың магистральдардың үстінен ұшуына кім рұқсат береді? Бұл – қауіпсіздік ережелерін бұзу. Тиісті қызметтер түсініктеме береді деп сенемін", – деп жазды оқырман.
Тиісті органдар бұл жағдайға қатысты әзірге ресми жауап бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Нью-Йоркте туристік тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens Испания компаниясының басшысы мен отбасы қаза тапқаны туралы жазған едік.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
