Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сапиевті ұрды деп айыпталған орынбасары бұған дейін де мінез-құлқы үшін "сөгіс естіген"

Stan.kz collage

Қарағанды облысының әкімдігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бөлімнің мәліметінше, аталған оқиғадан кейін департамент қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 21 қаңтар күні екі ер адам арасында жанжал шыққаны белгілі болды. Кейін бұл оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы негізінде "денсаулыққа қасақана зиян келтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тергеліп жатыр.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 2012 жылы Лондон Олимпиадасында бокстан алтын медаль жеңіп алған Олимпиада чемпионы. Ал оның орынбасары Дәурен Есімханов самбодан Азия және әлем чемпионы.


Олимпиада чемпионы Серік Сапиевті орынбасары соққыға жыққан


Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, бұған дейін Дәурен Есімхановпен этикалық тәртіпке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, 2025 жылғы 16 шілдеде облыс әкімдігі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Бекимова оның мемлекеттік қызметшілерге арналған этикалық қағидаттар мен қызметтік этика стандарттарын сақтау мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізген.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 14:36