Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қара шаңыраққа ие болып отыр": Мақпал Жүнісова інісі мен келінін халыққа көрсетті (видео)

Мақпал Жүнісова қара шаңырақта отырған өз інісі мен келінін көрсетті. Әнші анасының 85 жас туған күнін атап өтті. Анасына алтын білезік сыйлап, көңілін көтерді. 

Мақпал Жүнісованың анасы 85 жасқа толды. Әнші анасының туған күнін жақын туыстарымен атап өтті. Анасына алтын білезік сыйлап, көңілін көтерді. 

“Құдайдың берген баласы. Аман бол. Алтын-күмістей жарқырап жүре бер. Халықтың алдында шауып жүр”, – деп батасын берді әжей. 

Әнші қара шаңырақта отырған келін-баласын көпке көрсетті. Анасына қарайлап отырғаны үшін алғысын айтты.

“Қара шаңыраққа ие боп келе жатқан бауырым Бегзат, келінім Әлия аман болыңдар, анамызды жақсылап күткендеріңе Алла разы болсын!” – деді әнші. 

Мерей Заманбекқызы әжесіне құттықтау тлегін айтып, ағынан жарылды.

“Әже, сізді жақсы көреміз. Біздің тойымыз билеп жүріңіз. Аман-сау болыңыз. Немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің тойында жүріңіз. Бар арманыңыз орындалсын”, – деді ол.

Желі қолданушылары құтты болсын айтып, әншінің анасына тілегін арнады. 

“Анамыздың ғұмыры ұзақ, өсірген ұл-қыздарымен мың жасасын”, – деп жазды Ерғали Әбдірайымов. 

“Анаңыз 100 жасасын”, “Анаңыз қандай әдемі қартайған, сізге анаңыздың жасын берсін, амандық берсін”, “Ортаңыз көбейсін. Аман болыңыздар”, “Бәріңізге тек жақсылық болсын”, Тілегіңіз қабыл болсын, ауырмасын, бала-шағасы аман болсын”, – деп жазды олар. 


Талқылау