Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қара бетперде киген жігіт эпилепсиямен ауыратын қызы бар жалғызбасты әкеге үй сыйлады

 Қара бетперде киген жұмбақ жігіт үй сыйладыФото: Видеодан скриншот

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт эпилепсиямен ауыратын қызымен тұратын жалғызбасты әкеге үй сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еркебұлан – жалғызбасты әке. Өзі де, қызы да II топтағы мүгедектігі бар жандар. Ер адамның ауруы неврологиялық сипатқа ие, ал қызы эпилепсиямен күресіп жүр. Қыздың дамуы да жасына сай кешеуілдеп келеді.

Жалғызбасты әкенің айтуынша, қызының сырқатын Оңтүстік Корея және Үндістанда емдеуге болады, оған 10 миллион теңге қажет.

“Нан мен шай алу үшін қызымды ертіп алып, курьер болып ақша табамын. Тамақ дайындаймын, киім жуамын, үйді жинаймын. Әйелім 2022 жылы ми ісінуінен қайтыс болды. Емдету үшін 2 миллион теңге несие алдым, бірақ аман алып қала алмадық. Қатты сағынамын, сағыныштан түсіме жиі кіреді. Ауыр. Ешбір ер азамат әйелінің артында қалмасын деп тілеймін”, – дейді ол.

Олар жалдамалы үйде тұрады.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт ер адамға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Оған қоса, қызының сырқатын емдеуге және қалаған кәсібін ашуға қаражат берді.

Желі қолданушылары мұқтаж жандарға баспана сыйлайтын қара бетперде киген жұмбақ жігітке алғыс білдіріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін бетперде таққан жігіт сал ауруымен ауыратын 16 жастағы қыздың арманын орындаған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жұма, 28 Қараша, 2025 11:41