Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қар жауып, боран болады: Жаңа жылға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қар жауып, боран болады: Жаңа жылға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 30–31 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады, соған байланысты қар жауып, боран соғады деп болжанады.

“30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жауын-шашын жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады, ал ҚР оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді”, – делінген синоптиктердің болжамында.

30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жылуға жетеді.

Астанада 30 желтоқсан бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп болжанған. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с дейін екпінді. Түнде ауа температурасы -1, -3°C, күндіз +1, +3°C.

31 желтоқсан ауа құбылмалы, түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін екпінді. Түнде -3, -5°C, күндіз шамамен 0°C.

1 қаңтар ауа-құбылмалы, түнде қар, боран, көктайғақ. Жел оңтүстік бағыттан 9-14 м/с, түнде 15-20 м/с дейін екпінді. Түнде -10, -12°C, күндіз -8, -10°C.

Алматы қаласында 30 желтоқсан күні ауа райы құбылмалы, жауын-шашын жоқ. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +0, +2°C, күндіз +7, +9°C.

31 желтоқсан кешке жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Түнде +1, +3°C, күндіз +7, +9°C.

1 қаңтар бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп болжануда. Жел солтүстік-батыстан 2-7 м/с. Түнде және күндіз +1, +3°C.

Еске салсақ, осыған дейін елімізде ауа райының қолайсыздығынан бірқатар тас жол жабылғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 19:14