Қар мен көктайғаққа байланысты Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы қолайсыздығына байланысты Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазавтожолдың” мәлімдеуінше, Ақмола облысында сағат 10:40-тан бастап ылғал қар, жаңбыр және көктайғаққа байланысты республикалық маңыздағы Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы (Қосақ өткізу пункті) автожолының 16–200 шақырым аралығында, яғни Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектелді.
Ауа райы қолайсыздығына байланысты сағат 11:30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар KAZ02 Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 19–231 шақырым аралығында жылдамдық шектеуі сағаына140 шақырымнан 100 щақырымға дейін төмендетілді.
Сағат 12:30-дан бастап республикалық маңызы бар KAZ01 “Астана – Қарағанды – Алматы” автожолының 30–92 шақырым аралығында, яғни Жібек Жолы кенті – Анар станциясына дейін жылдамдық шектеуі сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін шектеу енгізілді.
Абай облысында таңғы сағат 7:30-дан бастап Қытай Халық Республикасының шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы автожолының 756–906 шақырым аралығында (Семей – Қалбатау учаскесі) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді. Жол шамамен сағат 13:00-де ашылады.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен – Семей автожолы, 10–103 шақырымы, яғни Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін жол қозғалысы шектелді. Бұл өңірде жол шамамен 14 желтоқсан күні сағат 06:00-да ашылуы ықтимал.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді