Қар аралас жаңбыр мен аяз болады: Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда ауа райы күрт суитынын ескертті

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның көптеген өңірінде "Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша дауылды ескерту жариялады. 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында еліміздің кей бөлігінде қар мен аяз болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, 28 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, 29-30 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 27 қыркүйекте еліміздің солтүстігі мен батысында күн күрт суып, +8...+13°C-қа дейін төмендейді. 29–30 қыркүйекте түнде 0...–6°C-қа дейін аяз, күндіз +3...+10°C аралығында жылы болады.
Өңірлер бойынша:
- Көкшетауда: 27 қыркүйекте күндіз +9...+11°C, 29 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1° үсік, 30 қыркүйекте түнде –1...–3°C аяз.
- Астанада 28 қыркүйекте күндіз +10...+12°C-қа дейін күрт суиды.
- Солтүстік Қазақстанда 28 қыркүйекте жаңбыр, арты қарға айналады. 29 қыркүйекте түнде –1...–6°C аяз.
- Қарағанды облысында 28–30 қыркүйекте жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 қыркүйекте түнде –1...–6°C аяз.
- Қостанай облысында 29–30 қыркүйекте жаңбыр мен қар, 30 қыркүйекте түнде –1...–6°C аяз.
- Павлодар облысында 30 қыркүйекте қар аралас жаңбыр, түнде –1...–6°C аяз.
- Абай облысында 30 қыркүйекте жауын-шашын, 29–30 қыркүйекте түнде үсік, күндіз +5°C-қа дейін ғана жылылық.
- Шығыс Қазақстанда 30 қыркүйекте қатты жаңбыр, кей жерде қар. 1 қазанда түнде үсік.
- Алматы облысында 27–30 қыркүйекте солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде