Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміз бойынша 19-21 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жауын шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай болады.



  • Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы күндіз 5-13 градусқа дейін жылынады;
  • шығыста, орталықта 8-18 градусқа дейін;
  • оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.
Талқылау