Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қар аралас нөсер жауын, көктайғақ": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аумақтарында жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны кезекті түрде шығыс бағытқта жылжып, Қазақстан аумағына ауысады. Салдарынан жауын-шашын жаңбыр мен қар болады. Тіпті кей уақыттарда нөсер жауын-шашын болады. Көктайғақ болжанып отыр. 

Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады. 22 қарашадан бастап Сібір антициклоны республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республика бойынша тұман мен екпінді жел де болжанған.



Температуралық фонда күрт өзгерістер жоқ.

Талқылау