Қапшағайда үндістандық студент суға батып кетті
Үндістандық студент Қапшағай көлінде суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alataunews.kz-ке сілтеме жасап.
Досы әрі жерлесінің айтуынша, марқұм жігіт Хайдарабад қаласының тумасы, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті болған.
Досының айтуынша, суға батып бара жатқан кезде ол көмекке шақырған. Кейін оның денесін су жағаға алып шыққан.
- "Шомылмаңдар деп ескерттік": Қапшағайда төрт адам суға батып кеткен демалыс орнының басшысы оқиға жайлы
Еске салайық, 26 маусым күні екі үндістандық студент Түркістан облысында Ақсу арнасында шомылып жүріп батып кетті. Қайтыс болғандардың денесі әлі табылған жоқ.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"