Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғаларынан кейін қамауға алынған Жанболат Мамай бостандыққа шығады

Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай бостандыққа шығатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде белсендінің әйелі Инга Иманбай мәлімдеді.

"Жанболатты шығарып алуға бара жатырмыз. Бүгіннен бастап үйқамаққа шығарады, бұйырса. Алдымызда сот болады. Барлық қолдаушыларға рақмет", - деп жазды Иманбай Facebook парақшасына.

28 қазанда Жанболат Мамайдың ісі сотқа жіберілгені белгілі болған еді.

Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі, 34 жастағы Жанболат Мамай биылғы 26 ақпаннан бері қамауда отыр.



Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу митингіне қатысқаны үшін бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулік қамауда болған белсенді әкімшілік жаза мерзімі аяқталар шақта тағы 48 сағатқа қамауға алынған. 12 наурызда қамаудан босатылуы керек еді, алайда босатылмады. 

Ол 12 наурыз күні абақтыдан жазған хатында қылмысқа бармағанын айтқан.

"Қадірлі ағайын! Мені саяси себептермен, саяси қудалаудың нәтижесінде қамауға алды. Полицияны қорлады, жалған мәлімет таратты деп. Ешқандай қылмыс жасаған жоқпын. Өз кінәмді мойындамаймын. Біздің жолымыз ақ, адал. Қолдау көрсеткен барша ағайынға алғыс айтамын. Халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуі керек деп санаймын. Бірге жеңеміз!" делінген хатта.

Талқылау